Ссылки доступа

Ферғана орталығында адамдар тұратын үйді сүріп жатыр


Ферғана қаласы орталығындағы Алишер Навои көшесінде орналасқан тұрғын үйді адамдар тұрып жатқанына қарамастан сүріп жатыр.

Пәтер тұрғындары жергілікті билік ұсынған үйлерге көшкілері келмейді. Себебі, балалары оқитын мектептен тым алыс орналасқан дейді.

Жергілікті биліктің айтуынша, сүріліп жатқан жерді оңтүстік кореялық инвесторларға берген. Олар бұл жерге құрылыс салу үшін 100 млн доллар құюға әзір екен.

Ақпаратқа сәйкес, Алишер Навои көшесінің №40 үйінде тұратын тұрғындарға қаңтардың 2-де үйдің сүрілетінін ескерткен.

Бұл үйде тұратын 18 отбасының тоғызы өздеріне бөлген жаңа үйге көшіп барған. Ал қалған тоғыз отбасы көшуге асығар емес.

"Біз көшуге қарсы емеспіз. Бірақ біз орталықтан кірпіштен салынған үй беруін талап етеміз", - дейді тұрғынның бірі.

Ол былтыр жергілікті биліктің өкілі пәтерді орталықтан береміз деп уәде еткенін, бірақ Ферғана қаласының жаңа басшысы уәдені орындаудан бас тартып, қаланың шетінен үй бөлгенін айтады.

XS
SM
MD
LG