Ссылки доступа

Тәжік фермерлері пияз бағасының күрт түсуіне алаңдайды


Тәжікстанның Соғды облысының фермерлері пияз бағасының күрт арзандап кетуіне қатты алаңдайды. Былтыр пияз егушілер үшін өте жемісті жыл болған. Осы үшін диқандар зардап шегіп жатыр.

Пияз егуші Шавкат Шарифов отбасымен бір жыл бойы егін бітік шығу үшін маңдай терін төкеннін, бірақ пияздың арзанға сатылуы табыс әкелмей жатқанын айтады. "Кәсіпкерлер көтерме бағамен келісіне 30-40 дирамнан алып жатыр. Бұл баға біздің шығынды жаппайды", - дейді диқан.

Лоик Шерали жамағатының төрағасы Камариддин Азизмуродов жергілікті диқандардың егіні былтыр бітік шыққанын айтады.

​"Былтыр қолдан суарылмайтын егінді алқапқа бидай және арпа егуге тыйым салды. Сол себептен диқандардың көбі пияз екті. Егін бітік шықты. Бірақ баға түсіп кетті. Мысалы Душанбеде бір келі пияздың бағасы 70-80 дирам. Кәсіпкерлер астанаға жеткізу үшін 30 дирам шығын кетеді дейді. Сол үшін көтерме бағамен 30-40 дирамға алуды сұрайды", - дейді әңгімелесуші.

Соғды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының төраға орынбасары Алишер Додобоев диқандар не егемін десе де, өздері шешеді, бірақ барлық жауапкершілікті де өздеріне алуы тиіс дейді.

​"Біз тек жердің құрамын тексеріп, не егуге болады не болмайтынын айтып кеңес береміз. Сосын диқандар өздері шешеді", - дейді Алишер Додобоев. Оның сөзінше, фермерлерге пиязды экспорттауға ешкім тыйым салып жатқан жоқ. Мәселен, 2018 жылы бір Соғды облысынан 76 тонна пияз экспортталған.

XS
SM
MD
LG