Ссылки доступа

Министр Абаев: "Интернеттегі бөгетке қатысымыз жоқ" (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Министр Абаев: "Интернеттегі бөгетке қатысымыз жоқ". Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев интернет жұмысындағы кідірістерге министрліктің еш қатысы жоқ деп мәлімдеді. (Видео Директ)

- Қақаған қыста жылусыз қалған мектеп. Астанаға жақын Жібек Жолы ауылындағы мектепте жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сыныпта сырт киімдерін шешпей отырады. Билік мәселені шешеміз деп уәде берді. Бірақ ата-аналар сенбейді. (Видео Директ)

- Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен өлімі. (фотокөрме)

- 16 адамнан 1 адам тірі қалған ұшақ апаты. Иранда Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлап, 15 адам қаза тапқаны хабарланды. Бір адам аман қалған. (фотокөрме)

- Айжан Тәжібаева: "Домбыраға құштар шәкіртім көп". Өзбекстанның Ташкент облысы Қыбырай ауданындағы Түзел елдімекенінде тұратын Айжан Тәжібаева жергілікті балалар музыка және өнер мектебінде домбырадан сабақ береді. (видео)

- Ес-түссіз жатқан сәбидің анасы дәрігерлерді айыптайды. Тараз тұрғыны "дәрігерлердің сылғырттығынан баламның аяғы көгеріп кетті" дейді. Ал дәрігерлер бұл айыпты жоққа шығарады. (видео Директ)

- Дүңгіршексіз қалған етікші. Қызылорда қаласында етіп тігіп, кәсіп қылып жүрген 60 жастағы Ырысбек Ордабаевтың дүңгіршегін әкімдік өкілдері алып кеткен. (видео Директ)

- "Ақылды болсақ, неге мұнша кедейміз?" Ұлыбританиялық Vouchercloud порталы "Әлемдегі ең ақылды елдер" рейтингін жасаған. (видео Директ)

- Әлемде гендерлік теңдік орнату үшін тағы бір ғасыр керек. Дүниежүзілік экономикалық форум: 2006 жылдан бері гендерлік теңсіздік 3,6 пайызға ғана кеміген, әлі 32 пайыз бар. (инфографика)

- Ресейдегі азамат соғысы мен аштық құрбандары. (фотокөрме)

- Азия Кубогы. Футболдан Қырғызстан құрамасының жанкүйерлері.(фотокөрме)

- Душанбе-Чанак тас жолында 11 қар көшкіні болды. (видео)

- Италияда қырғыз балаларын асырап алуға қатысты іс сотта қаралды. ( видео Директ)

- Шешенстанда гомосексуалдарды тағы қудалап жатыр. (видео Директ)

- Азия: ақшасыз демалыс. Tajik Air барлық қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберді. Жұмысшылар үш айдың жалақысын алмаған. Өзбекстанда шенеуніктерге арыздануға келген әйелдерді милицияға қамап қойды. Бішкек шетінд түйеқұс фермасы ашылды (видео Настоящее время)

- В Тәжікстанда туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысын 128 долларға дейін көтерді (видео)

- Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты күдікті сотта ағынан жарылды. (видео Настоящее время)

- "Жүзе мектебінде бассейн жоқ. Жаңаша әзіл". Астанадағы спорт мектебі балалар жаттығатын бассейн таппай отыр. (Видео / Тәжікстан)

- Әлеуметтік желіде тәжіктің онлайн “Kitobz" кітап дүкені ашылды. Кез келген кітапты Facebook және Instagramда тапсырыс арқылы алдыруға болады. (Видео / Тәжікстан)

- Түркіменстан президенті әскерилер сыйлаған құлыншақты "Сәтіллік" деп атады. (видео)

- Тиынға жұмыс істеу? Қазақстандағы ең төменгі жалақы көлемі(Инфографика)

- "Ауған қыздары кетсе, Иранда өнер өледі" (видео)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG