Ссылки доступа

Өзбекстанда шаруа қожалықтарының жер учаскелерін қайта қарайды


Өзбекстан үкіметі шаруа қожалықтарының жер учаскелерін үш жылдан соң тағы қайта қарайтын болды. Үш жыл бұрын билік жер көлемін азайтса, енді шаруаларға кем дегенде 100 гектар жерден таратуды көздеп отыр.

Қаржы тапшылығынан, жұмыс күші мен техниканың аздығынан өзбек шаруалары 15-20 гектар жерді әзер игеріп отыр. Оларға 100 гектар жерді алып кету қиынға түседі.

"Барлық ауыртпалық тағы шаруаның иығына түседі. Шаруа қожалығын жүргізу үшін барлық бағалы заттарымызды сатуға тура келді. Билік біздің жерлерді тартып алса не болады? – деп алаңдайды Жизақ облысындағы бір диқан.

Дегенмен жер учаскесі көлемінің көбеюіне қуанып отырған шаруалар да бар. "Менің 50 гектар жерім бар. Маған 100-ден аса гектар жер берсе, тіпті жақсы болар еді. Менің мүмкіндігім бар", - деді Шават ауданының бір диқаны.

Үкіметтің жер учасклерін қайта қарау жөніндегі қаулысын орындау үшін бес жұмыс тобы құрылған. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің өкілдері, сонымен бірге банк және салық органдары қызметкерлері кірген.

XS
SM
MD
LG