Тәжікстан базарларында ақ папаха бұрыннан сатылады, бірақ оған сұраныс аз еді. Дағыстандық Хабиб Нұрмагомедов пен ирланд Конор Макгрегор арасындағы әйгілі жекпе-жектен соң мұндай бас киімге сұраныс көбейген.
"Хабиб папахасы" тәжік жастарының арманына айналды. "Мен бұл бас киімді сән үшін сатып алмадым. Мен Хабиб Нұрмагомедовтің жанкүйерімін. Ол - әлемдегі ең үздік спортшылардың бірі", – деді базардан ақ папаха сатып алған Каримджон Намозов.
Сатушы Бахтиёр Садыровтың айтуынша, нағыз кавказ папахалары арзан тұрмайды: бағасы шамамен 35-40 доллар. Тәжікстан тұрғындарының көпшілігінің мұндай қымбат бас киім сатып алуға қалталары көтермейді. Бірақ базарда Қытайдан әкелінген синтетикалық "Хабиб папахаларын" табуға болады. Оның бағасы - шамамен 10 доллар тұрады.