Ислам орталығының маманы Абдулвахид Хомидов ер азаматтардың жыныстық қатынас алдында қауқарын күшейту үшін дәрі-дәрмек қолдану шариғатқа қайша келмейді ме деген сұрақты имамдар бірлесіп зерттеп, жауап іздегенін айтты.
«Мамандар діни әдебиеттерді оқып, зерттеп, егер ер адамның күші белгілі себептермен әлсіресе, дәрі-дәрмек қолдануға болады деген шешімге келді», - деді Абдулвахид Хомидов.
Былтыр мамыр айында фармацевтикалық қызметті бақылайтын мекеме импотенцияны емдейтін және қоздыратын дәрі-дәрмек тізімін анықтаған.
«Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі тек дәрігердің нұсқауымен ғана беріледі. Қалғанын еркін сатып алуға болады. Бірақ дәрігерлер оларды шектен тыс қолдану денсаулыққа зиян екенін ескерту керек» - дейді мекеме қызметкері Махмадали Давлатов.
Көптеген тәжік азаматтары еркектік қауқары әлсіреген кезде де, дәрігерге қаралуды ар санайды. Олар көбінесе, дәрігерді өз бетінше қолданады.
Дәріхана қызметкерлері ер адамдардың көбінесе «Тонгкат», «Титан-гель», «Лошадиная сила» секілді препараттар сатып алатынын айтады.