Ссылки доступа

АҚШ барлауы: Қытай озық үлгідегі қару алып жатыр


Қытайдың қарулы күші жақын уақытта ең мықты қару қолданатын болады. Бұл Қытайдың армиясын күшейтіп, Тайванды қосудағы стратегиялық мақсаты. Сейсенбі күні американың барлау қызметі осындай мазмұндағы есебін жариялады.

Баяндамада Бейжіңнің "сыртқы күштердің" Тайванды қорғауға шығатынын ескеріп отырғаны айтылған. Бұл Қытайға аймақтарда "сыртқы күштерді" жою үшін арнайы жүйе әзірлеуге әкелді дейді. Америка мәліметі бойынша, Қытай қорғаныс саласына 2018 жылы 200 млрд доллар бөлген. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда үш есеге көп. АҚШ-тың қорғаныс бюджеті жылына 700 млрд долларды құрайды. Бірақ оның жартысы ғылыми зерттеуге, жаңа жүйе құруға жұмсалады. Ал бұл уақытта Бейжің зерттеуге ақша үнемдеп, шетелдік технологияларды көшіріп алуға, оларды заңсыз жолмен иемденуге көп қаражат жұмсайды. Олар сонымен бірге батыс компанияларын қытай нарқына шығу үшін, технологияларын алуға мәжбүрлейді.

Америка барлауының мәліметіне сәйкес, Қытай арсеналында ұшақпен, кемемен, суасты кемесімен шыға беретін қанатты зымырандар бар. Олар бірнеше мың шақырым қашықтыққа ұша алады. Мысалы Гуам аралында АҚШ-тың ең ірі әскери базасы орналасқан. Бейжің осы жерде соққыға қарсы тұратын баллистикалық зымыран жасап шығарған.

Америкалық сарапшылар Қытайдың Тайванды күшпен басып алуы сөзсіз деп болжайды. Бірақ олар әзірге әлемдік кикілжіңнен қашып отыр дейді. Пентагонның басты қаупі - Қытай армиясының қаруы озық үлгермен толуы әскерінің сенімділігін арттырып, олар Қытай лидеріне сөзсіз жеңеміз деп мәлімдеуі мүмкін. Пентагонның жоғары лауазымды қызметкері CNN-ге осылай сұқбат берді.

XS
SM
MD
LG