Мухиддин Асомутдиновтың жақын танысы оның соңғы тоғыз жылда Қазақстанның ірі қалалары - Алматы мен Астанада тұрып келгенін айтады. "Мухиддин-ака туыстарымен Қазақстанда кәсіп ашып, өз беттерінше өмір сүрді. Оның Қазақстанда беделді туысы болды. Сол себептен ол ештеңеден қауіптенбеді", – дейді банкирдің танысы.
Мухиддин Асомутдинов қазір Ташкентте емделіп жатыр екен.
2009 жылы желтоқсан айында, Конституция күнінде сол кездегі Өзбекстан президенті Ислам Каримов "елде өте бай не өте кедей адамдар болмауы керек" деген. Осыдан кейін елде ірі кәсіпкерлер шетінен ұсталып, мүліктері тәркілене бастады.
2010 жылдың наурыз айында Өзбекстан Орталық банкі "Алп Жамол Банктің" лицензиясын тартып алды. Оның иесі Мухиддин Асомутдиновқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Осыдан кейін банкир елден қашып кеткен.
2011 жылы сот шешіміне сәйкес, банктің барлық мүлкі мен қаражаты мемлекет меншігіне өтті.