Ссылки доступа

Қырғызстан Дача-СУ құрбандарын еске алды


Қырғызстан "Манас" әуежайы маңындағы Дача-СУ ауылында болған қайғылы оқиғаны еске алып жатыр.

2017 жылдың 16 қаңтарында бұл ауылға Boeing-747-400 жүк ұшағы құлаған. Апаттан ауылдың 35 тұрғыны мен экипаждың төрт мүшесі - Түркия азаматтары қаза тапты. Ресми мәлімет бойынша, Стамбұлға қарай ұшқан ұшақ қырғыз әуежайына тоқтап, жанармай құйып алмақ болған.

Құлаған ұшақтан ауылдың 19 үйі толық қирап, 7 үй апатты жағдайда қалып, 12 үй жартылай бүлінген.

Жақында қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қайғылы оқиғадан ата-анасынан, туыстарынан айырылған балалармен кездесті. Ол бұл оқиға Қырғызстан тарихындағы ең ауыр жағдай ретінде есте қалады деді.

XS
SM
MD
LG