Ссылки доступа

Ашхабадтағы мемлекеттік дүкендерде темекі қайтадан сатыла бастады


Очередь перед государственным магазином, Ашхабад (архивное фото)
Очередь перед государственным магазином, Ашхабад (архивное фото)

Түркіменстан астанасындағы мемлекеттік дүкендерде, бір жарым айға созылған үзілістен соң, темекі қайтадан сатыла бастады.

Азаттық радиосының түркімен қызметі - Азатлык тілшісінің хабарлауынша, 14 қаңтардан бастап темекі саудаға түскен, бірақ бұл тауар түріне шектеу қойылған.

"Дүкенге кезекке таңертең сағат 6-7-де тұру керек болады. Сауда 40 минут немесе бір сағатта бітеді. Оны 2-3 полиция қызметкері бақылайды, олар қасына әскери училищенің 3-4 курсантын ертіп алған. Дүкен алдында шамамен 100-150 адам кезекте тұрады", - деп хабарлады тілші.

Оның айтуынша, темекі барлық дүкендерге түспеген, жиырма шақтысына ғана жеткізілген. Бір адамға бір қорап темекіден артық сатылмайды.

"Дүкен терезесіне қарата бақылау камерасы орнатылған. Екі мәрте кезекке тұратын адамдарға полиция ескерту жасайды. Тыңдамағандарын бұзақылық үшін әкімшілік жазаға тартуы мүмкін".

Соған қарамастан дүкен алдында кезекте тұрған адамдар жиі жанжалдасып, кейде төбелесіп қалады. Мәселен, 14 қаңтарда Кешидегі мемлекеттік дүкен алдында сатып алушы мен сатушы төбелесіп қалған.

"Сол күні үш жігіт дүкенге келіп, темекі сұраған. Сатушы таусылып қалғанын айтқан. Жастар бір автокөлікке бірнеше қорап темекі тиеп жатқанын көріп, жанжал шығарған", - деді тілші. Оның айтуынша, полиция сатып алушыларды ұстаған. Тексеру жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG