Ссылки доступа

Тереза Мэй парламенттің сенімсіздік вотумынан аман қалды


Премьер-министр Великобритании Тереза Мэй
Премьер-министр Великобритании Тереза Мэй

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің Қауымдар палатасының сенімге қатысты дауысқа салуынан аман өтті. 306 депутат үкімет басшысына сенімсіздік танытса, 325 заң шығарушы министрлер кеңсесін таратуға қарсы дауыс берді.

Тереза Мэйге сенімсіздік вотумын жариялау туралы бастаманы оппозициялық Лейбористік партия жетекшісі Джереми Корбин көтерген. Бұл ұсынысын ол сейсенбі күні жариялады. Сол күні парламентте Тереза Мэйдің Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты жоспарын талқылаған. Парламент премьер бастамасын қолдамады: Брюссельмен келісімге қарсы 432 депутат дауыс берсе, құжатта 202 заң шығарушы қолдаған.

Осылайша Ұлыбритания премьері парламентте 95 жылда ең ірі жеңіліске ұшырады.

Бейсенбі күні Тереза Мэй парламенттегі фракция жетекшілерімен Еуроодақтан шығудың "Б жоспарын" талқылайды. Дүйсенбі, 21 қаңтарда Брекзитке қатысты жаңа стратегияны дауысқа салуы мүмкін.

Бұл жоспар да сәтсіздікке ұшыраса, онда парламент Еуроодақтан шығу процесін бақылауға алуға талпынады.

XS
SM
MD
LG