Ссылки доступа

БАҚ: АҚШ-та Huawei компаниясына қатысты тергеу басталды


АҚШ-тың федералды прокуратурасы америкалық әріптестерінен коммерациялық құпияларды ұрлады деген күдікпен қытайлық Huawei Technologies Co компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын бастаған.

Бұл жөнінде The Wall Street Journal газеті хабарлайды. Басылымның мәліметінше, мәселе смартфондарды тестілеу үшін пайдаланылған америкалық T-Mobile құрылғысына қатысты.

Дәлел келтіретін материалдар жеткілікті, таяуда Huawei-ге қарсы ресми қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жазады Reuters. АҚШ-тың әділет министрлігі мен Huawei әлі БАҚ-қа пікір білдірмей отыр.

Huawei – әлемдегі ең ірі мобильді телефондар мен телекоммуникациялық құрылғыларды өндіруші кәсіпорынның бірі. АҚШ осыған дейін мемлекеттік мекемелер үшін құрал-жабдықтарын пайдалануға тыйым салған. Америкалық барлау Huawei-ді қытай үкіметімен байланысы бар деген күдік келтірген. Вашингтон аталған компанияның құрал-жабдықтары арқылы қытай билігі өздеріне қажет ақпарат жинауы мүмкін деп есептейді.

Huawei құрал-жабдықтарын пайдаланудан Австралия мен Жаңа Зеландия бас тартқан. Сонымен бірге Жапония да Huawei-ден мемлекеттік сатып алуға тыйым салды. Былтыр желтоқсан айында Чехияның арнайы қызметі де жергілікті билікті Huawei құрылғыларын қолданудан сақ болуын ескертті.

Өткен аптада Польшаның арнайы қызметі қытай барлауында істейтін екі күдіктіні ұстады. Оның біреуі – Польшадағы Huawei өнімдерін сатушы директоры.

XS
SM
MD
LG