Ссылки доступа

Тәжікстанда интернет қымбаттауы мүмкін


Тәжікстанның салық комитеті тұрғындардың дені Viber, Whatsapp және IMO мессенджері арқылы сөйлеседі. Осы үшін халықаралық қоңыраулар азайып, табыс та түсті деп алаңдайды.

Салық комитеті мобилді байланыс операторларынан Viber, Whatsapp, IMO және басқа мессенджерлермен әңгіменің әрбір минөтін санап, тиісінше салық салуды талап етіп отыр. Бірақ байланыс операторлары тәжік үкіметіне мессенджерлер арқылы сөйлесу ұзақтығын есептеу мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Тәжікстандағы байланыс қызметіндегі дереккөз енді билік халықаралық интернет-трафиктің бағасын көтеруді ойлап отыр дейді. Интернет бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Бүгінде әлем бойынша интернеті ең қымбат – Тәжікстан. Сол үшін де Дүниежүзілік банк сарапшылары компания мен ұйымдар ғаламтор мүмкіндігінің тек кішкентай бөлігін ғана пайдаланып отыр деп есептейді. Бағаның қымбат болуын мемлекет тарапынан бақылаудың шектен тыс күштілігімен байланыстырады.

Тәжікстанның салық комитеті елде NGN-байланысты қайта жаңартуды ұсынады. Оның Viber, Whatsapp, IMO және өзге мессенджерлерден ерекшелігі NGN арқылы сөйлесудің әрбір минөтін есептеуге болады.

Тәжікстанның байланыс қызметі 2017 жылдың аяғында мобилді байланыс операторлары мен интернет-провайдерлерден қауіпсіздік үшін NGN-ді өшіруді талап еткен.

XS
SM
MD
LG