Ссылки доступа

Әндіжан облысының басшысы кәсіпкерлерді "футбол салығын" төлеуге міндеттеген


Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов
Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов

Әндіжан облысының басшысы Шухрат Абдурахманов 2019 жылы өтетін Суперлигаға дайындық ретінде кәсіпкерлерден демеушілік көмек ретінде Әндіжан футбол клубына 8,5 млрд сум (964 доллар) қаржы аударуды тапсырған.

Әндіжан облысы әкімшілігінің тиісті құжатында "футбол салығын" салуы керек 167 кәсіпорынның тізімі бар.

Облыс әкімшілігінің шенеунігі арнайы жиналыс кезінде кәсіпкерлер мен лауазымды тұлғалардан демеушілік көмек жасау туралы айтылғанын растады.

Оның айтуынша, Әндіжан футбол командасының негізгі демеушісі GM Uzbekistan компаниясы сметада көрсетілген ақшаны төлемеген. Сол себептен облыс әкімі кәсіпкерлерден ақша жинап жатыр.

Жергілікті әндіжандық кәсіпкер әкімнің қатысуымен өткен жиналыстан кейін ақшаны тез аударуды талап етіп, бизнес өкілдерін қыса бастағанын айтады.

Өзбекстан президентінің 2017 жылғы наурыз айындағы жарлығына сәйкес, GM Uzbekistan компаниясы - Әндіжан футбол клубының бас демеушісі.

GM Uzbekistan өкілі компания банкрот алдында екенін, демеушілікке ақша жоқ екенін мәлімдеді. «Негізгі себеп көліктердің сатылуы төмендеп кетті. Экспорт жоқ. GM Uzbekistan-ды қазір прокуратура тексеріп жатыр», - деді GM Uzbekistan өкілі.

XS
SM
MD
LG