Ссылки доступа

Түркімен әскері запастағы сарбаздар ұрысқа дайын емес дейді


Түркімен әскері запастағы және әскери қызметін өтеп жатқан жауынгерлердің өте әлсіз екеніне алаңдайды. Бұл жөнінде Түркіменстан қорғаныс министрлігіндегі дереккөз мәлімдеді.

"Мобилизациялау жөнінде әзірге сөз жоқ, бірақ әскерилер запастағы және отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздардың ұрысқа дайын емес екеніне алаңдайды, олар өте әлсіз", - дейді дереккөз.

Таяуда "Түркіменстан хроникасы" басылымы елде жастарды жаппай әскерге шақырып жатқанын хабарлаған.

"Түркіменстанда әскери қару-жарақ жеткілікті. Соңғы жылдары Ресей, Түркия, Қытайдан сатып алды. Бірақ қазір әскери міндетін өтеп жатқан сарбаз саны шамамен 35 мың. Бірақ олар әлі қару ұстай алмайды", - дейді қорғаныс министрлігіндегі дереккөз.

Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара ұзақтығы 800 шақырым. Соңғы уақытта түркімен-ауған шекара аумағында орналасқан елді-мекендердің денін содырлар бақылауға алған деп хабарлайды Ауғанстандағы Азаттық тілшісі.

XS
SM
MD
LG