Ссылки доступа

Бішкекте Қытайға қарсы митингке қатысушылардың көздегені не? (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Бішкекте Қытайға қарсы митингке қатысушылардың көздегені не? (видео Настоящее время)​

- АҚШ конгресіне мүше 102 әйел. (видео Настоящее время)

- "Аспазсыз" Ақ үйдің дастархан мәзірі. (фотокөрме)

- Ауған әншісі – Канада премьері Джастин Трюдоның "егізі". (видео Настоящее время)

- Үсіген мектеп. «Егер балалар ауырса, кім жауап береді?». Астана маңындағы Жібек Жолы ауылындағы жалғыз қазақ мектебінде жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сабақта сырт киімдерімен отыруға мәжбүр. (видео)

- Совет әскері алдында өзін өртеген чех. Ян Палах 50 жыл бұрын Прага орталығында өзін өртеп, қаза тапты. Бұл оқиға әлемдік БАҚ арқылы дүйім жұртқа жайылды. Бірақ Палахқа дейін, я одан кейін де Совет Одағының Чехословакияға басып кіруіне қарсылық ретінде өртеніп өлген, бірақ атаусыз қалған адамдар бар еді. (Директ видеосы)

- Прокурор күдіктілерге қанша жыл сұрады? Спортшы Денис Теннің өліміне қатысты сот аяқталуға жақын. 16 қаңтарда күдіктілер соңғы сөздерін айтты. Ал спортшының анасы Оксана Тен тергеуді қайта жүргізуді сұрады. (Директ видеосы)

- Шыңжаңның өткені мен бүгіні. Соңғы уақытта әлем назары ауған Шыңжаң өлкесінің тарихына үңіліп көрдік. Шыңжаң қалай автономиялық аймаққа айналды? Ондағы қазақтар мен ұйғырлардың саны қанша? Өлкеде ханзулардың саны қалай көбейді? Шыңжаңда қанша теракті болды? (видео)

- Вандж ауданындағы Поймазор қыщлағындағы қар көшкіні. (Тәжікстан / видео)

- Тереза Мэй жоспарына британ парламенті қалай дауыс берді​. (видео Настоящее время)​

- Министр Абаев: "Интернеттегі бөгетке қатысымыз жоқ". Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев интернет жұмысындағы кідірістерге министрліктің еш қатысы жоқ деп мәлімдеді. (Видео Директ)

- Қақаған қыста жылусыз қалған мектеп. Астанаға жақын Жібек Жолы ауылындағы мектепте жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сыныпта сырт киімдерін шешпей отырады. Билік мәселені шешеміз деп уәде берді. Бірақ ата-аналар сенбейді. (Видео Директ)

- Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен өлімі. (фотокөрме)

- 16 адамнан 1 адам тірі қалған ұшақ апаты. Иранда Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлап, 15 адам қаза тапқаны хабарланды. Бір адам аман қалған. (фотокөрме)

- Айжан Тәжібаева: "Домбыраға құштар шәкіртім көп". Өзбекстанның Ташкент облысы Қыбырай ауданындағы Түзел елдімекенінде тұратын Айжан Тәжібаева жергілікті балалар музыка және өнер мектебінде домбырадан сабақ береді. (видео)

- Ес-түссіз жатқан сәбидің анасы дәрігерлерді айыптайды. Тараз тұрғыны "дәрігерлердің сылғырттығынан баламның аяғы көгеріп кетті" дейді. Ал дәрігерлер бұл айыпты жоққа шығарады. (видео Директ)

- Дүңгіршексіз қалған етікші. Қызылорда қаласында етіп тігіп, кәсіп қылып жүрген 60 жастағы Ырысбек Ордабаевтың дүңгіршегін әкімдік өкілдері алып кеткен. (видео Директ)

- "Ақылды болсақ, неге мұнша кедейміз?" Ұлыбританиялық Vouchercloud порталы "Әлемдегі ең ақылды елдер" рейтингін жасаған. (видео Директ)

- Әлемде гендерлік теңдік орнату үшін тағы бір ғасыр керек. Дүниежүзілік экономикалық форум: 2006 жылдан бері гендерлік теңсіздік 3,6 пайызға ғана кеміген, әлі 32 пайыз бар. (инфографика)

- Ресейдегі азамат соғысы мен аштық құрбандары. (фотокөрме)

- Азия Кубогы. Футболдан Қырғызстан құрамасының жанкүйерлері.(фотокөрме)

- Душанбе-Чанак тас жолында 11 қар көшкіні болды. (видео)

- Италияда қырғыз балаларын асырап алуға қатысты іс сотта қаралды. ( видео Директ)

- Шешенстанда гомосексуалдарды тағы қудалап жатыр. (видео Директ)

- В Тәжікстанда туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысын 128 долларға дейін көтерді (видео)

- "Жүзе мектебінде бассейн жоқ. Жаңаша әзіл". Астанадағы спорт мектебі балалар жаттығатын бассейн таппай отыр. (Видео / Тәжікстан)

- Әлеуметтік желіде тәжіктің онлайн “Kitobz" кітап дүкені ашылды. Кез келген кітапты Facebook және Instagramда тапсырыс арқылы алдыруға болады. (Видео / Тәжікстан)

- Түркіменстан президенті әскерилер сыйлаған құлыншақты "Сәтіллік" деп атады. (видео)

- Тиынға жұмыс істеу? Қазақстандағы ең төменгі жалақы көлемі(Инфографика)

- "Ауған қыздары кетсе, Иранда өнер өледі" (видео)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG