Ссылки доступа

Андрис Лиепа Өзбекстанның Үлкен театрына жетекшілік етеді


Танымал балетмейстер Андрис Лиепа Ташкенттегі Әлішер Навои атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театрындағы балет труппасына жетекшілік етеді.

Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа басшы труппаға 16 қаңтарда таныстырылды.

Ресей халық әртісі Андрис Лиепа Мәскеудегі Үлкен театрда сегіз жыл бойы солист болып жұмыс істеді. Оны халықаралық балет труппаларына жиі шақырып тұрды.

Лиепа 1992 жылы АҚШ-тағы турне барысында алған жарақатынан соң сахнадан кетті. Ол әлемнің көптеген елдеріндегі театрларда балет қойылымдарын дайындады.

Лиепа Ташкентке 2018 жылы қазанда келді. Ол хореограф Игорь Пиворовичпен бірг "Шахерезада", "Тауыс" балеттрін қойды.

Андрис Лиепа – совет және орыс балет әртісі, танымал балет примасы Мариса Лиепаның ұлы.

XS
SM
MD
LG