Ссылки доступа

"Өзбек жолбарыстары" Рахимов басқаратын AIBA турниріне қатысудан бас тартты


"Өзбек жолбарыстары" 2019 жылы Гафур Рахимов басқаратын AIBA-ның Дүниежүзілік бокс сериясы жарыстарына қатыспайды.

Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, команда таратылып, оны қаржыландыру тоқтаған.

Команда бапкерлерінің бірі Зиёиддин Туйганбаевтың айтуынша, боксшылары 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеуден өткісі келеді, сол себепті осындай шешім қабылданды.

Өзбекстан бокс құрамасы биыл ақпан айында София қаласында өтетін "Странджа" турниріне қатысады.

"Өзбек жолбарыстары" Дүниежүзілік бокс сериясына 2016 жылы қосылды. Сол жылы команда қола жүлдегер атанды. 2017 жылы желтоқсанда командадан Муроджон Ахмадалиев пен Шахрам Гиясов кетті.

The World Series Boxing (WSB) (Дүниежүзілік бокс сериясы) 2008 жылы құрылды, AIBA ұйымдастыратын ірі турнирлердің бірі.

Еске салайық, 2018 жылы қарашада AIBA президенттігіне Гафур Рахимовтың сайлануы Халықаралық олимпиада комитетінің наразылығын туғызған.

XS
SM
MD
LG