Ссылки доступа

Бішкекте журналистер милиция әрекетіне қарсы пикет өткізді


«Супер-Инфо» газеті мен Next TV телеканалының журналистері Бішкектің ішкі істер басқармасы алдында наразылық шарасын өткізді. Олар қоғамдық оқиғадан хабар тарату кезінде журналистерге милиционерлер тарапынан қысымға жол жоқ дейді.

17 қаңтарда Бішкекте заңсыз қытай миграциясына қатысты митинг өтті. Митинг кезінде милиция қызметкерлері тәртіпті бұзды деп жиырма шақты адамды ұстаған. Олардың ішінде Next TV журналисі Жоодар Бузумов та болған. Ол митинг болып жатқан алаңнан тікелей эфир жүргізген. Кейін тәртіп сақшылары оны автобусқа тиеп алып кеткен. Журналист милиционерлерге өзінің БАҚ өкілі екенін айтқанына құлақ аспаған. Милиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін барып, оны босатқан.

Халықаралық тәжірибеде наразылық акциясынан хабар тарататын журналистер «Пресса» деген жазуы бар сары кеудеше киеді. ​

XS
SM
MD
LG