Ссылки доступа

Гүлнәра Каримованың бұрынғы күйеуі Швейцарияда бұғатталған 100 млн франкке таласып жатыр


Uzbekistan - Gulnara Karimova blurred
Uzbekistan - Gulnara Karimova blurred

АҚШ азаматы, Гүлнәра Каримованың бұрынғы күйеуі Мансұр Максуди Швейцария банкіндегі Өзбекстанның тұңғыш президенті қызының есеп-шотындағы ақшаға таласып жатыр. Бұл жөнінде ол швейцарлық Der Bund газетіне сұқбат берген.

Басылымның жазуынша, Мансұр Максуди бауыры Фарид екеуі 2012 жылы заңсыз жолмен келді деген күдікпен бұғатталған 800 млн франктің 100 млн-ын алғысы келеді.

Гүлнәра Каримова Мансұр Максудиге 1991 жылы тұрмысқа шығып, 2001 жылы ажырасып кеткен.

«Ажырасу кезінде Мансұр мен Фаридтің Өзбекстандағы барлық мүлкі тартып алынған. Олардың Coca-Cola Bottlers Uzbekistan компаниясындағы үлесі швейцариялық Zeromax компаниясына делдалдар арқылы берілген», - деп жазады Der Bund.

Мансұр Максуди сұқбатта «Менің отбасым бұл ұрлықтың заңсыз қалуына жол бермейді. Әрі осыған қатысты барлық адамдар жауап беретін болады, әрине оңай болмайды", - деген.

XS
SM
MD
LG