Ссылки доступа

"Шекарасыз тілшілер" Меркельді Өзбекстандағы сөз бостандығына араша түсуге шақырды


"Шекарасыз тілшілер" адам құқықтарын қорғау ұйымы ГФР канцлері Ангела Меркельді өзбек басшысы Шавкат Мирзияевпен кездесуде Өзбекстандағы сөз бостандығы мәселесін көтеруге шақырды.

Ұйым мәліметі бойынша, Өзбекстанда Интернет әлі де болса қатаң бақылаудан босамады, көптеген тәуелсіз веб-сайттар бұғатталған, елді сынаған журналистерді Өзбекстанға кіргізбейді.

"Өзбекстанда еркіндік орнау үшін президент Мирзияев тәуелсіз журналистерге елге оралуына мүмкіндік жасап, елде болып жатқан оқиғалар туралы хабарлап отыруы керек. Өзбекстанның неміс туристріне визасыз жүйе орнатып, сыншыл журналистерді кіргізбеуін түсіну қиын" делінген мәлімдемеде.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы Мирзияев билікке келген соң түрмедегі журналистер босап шыққанын мойындайды, бірақ бұл іс "өзін жақсы жағынан көрсету үшін жасалды" деп ойлайды.

Ұйым журналистерді себепсіз түрмеге жапқандарды, оларды азаптағандарды жауапқа тартуын талап етті.

"Шекарасыз тілшілер" БАҚ еркіндігі рейтингінде Өзбекстан 180 елдің ішінде 165-орында тұрғанын атап өтті. Мирзияевтің Германияға сапары 20-22 қаңтарда өтеді.

XS
SM
MD
LG