Ссылки доступа

Кремль: Жапониямен Курил аралдары жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді


Юрий Ушаков
Юрий Ушаков

Кремль Жапониямен Курил аралдары жөніндегі келіссөздер тығырыққа тіркелгенін мәлімдеді. Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, келіссөздерге Жапония премьер-министрі Синдзо Абэның мәлімдемесі әсер еткен. Бұл туралы "РИА Новости" "Россия" телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қаңтар айының басында Абэ аумақты тапсырған соң аралдағы ресейліктердің онда тұра беруіне Жапония қарсы екенін мәлімдеген. "Келіссөздер тығырыққа тірелгені рас", - деп мәлімдеді Ушаков.

Жапония Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи аралдары Ресейге тиесілі дегенге қарсы.

Бұл аралдарды КСРО Екінші дүниежүзілік соғыс соңында басып алған. Аралдар төңірегіндегі дауға байланысты Ресей мен Жапония әлі күнге дейін бейбіт келісімге отырмады. Өткен жылы қараша айында Абэнің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен соң Жапония 1956 жылғы аралдар туралы декларацияға қайта оралуға дайын екені мәлім болды.​

Бұл құжатта КСРО екі ел арасындағы бейбіт келісімнен соң Жапонияға ​Хабомаи және Шикотан аралдарын беруі керек болған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, екі ел арасындағы бейбіт келісімнің қабылдануы аралдарды Жапонияға қайтару дегенді білдірмейді.

20 қаңтарда Мәскеуде және Ресейдің бірқатар қаласында аралдарды беруге қарсы митингтер өтті. Онда Ресей үкіметі мен президент Путинді сынайтын ұрандар тасталды.

XS
SM
MD
LG