Ссылки доступа

Ашхабад билігі тұрғындарға "тегін су" үшін айыппұл салып жатыр


Түркіменстан астанасы тұрғындарына былтыр тегін пайдаланып келген су үшін төлемақы енгізіп, оны төлеуден бас тартқандарға айыппұл салып жатыр. Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) хабарлағандай, көпшілігі билік ескертпегендіктен, айыппұл жүйесін білмей келдік дейді.

"Енді Ашхабад тұрғындарынан көп мөлшерде айыппұл салып жатыр. Мұнан бөлек 2015- 2016 жылдар үшін де ақша төлеуді талап еткен. Осыған дейін көпқабатты үйлерден 30- 40 манаттан (10 доллар) алса, жер үйлерде одан да жоғары. Ал қазір екі есе жоғары сұрап жатыр", - деп хабарлайды Азатык тілшісі.

Соңғы бірнеше жылдан бері түркімен билігі халықтан су, газ, электр энергиясының пайдаланғанын өлшейтін есептеуіш орнатуды талап етіп келеді. Былтыр қазан айынан бастап тұрғындар жаппай, асығыс орната бастады. 2018 жылдың қыркүйек айында газ, су, электр энергиясына жеңілдіктер толығымен алынып тасталды. Ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедов бұдан былай ешнәрсе тегін болмайтынын мәлімдеген.

Азатлык тілшісі жергілікті билік өкілдерінен уақытында коммуналдық төлемақыларды төлемегені үшін қанша айыппұл төлейтінін сұрап, анық-қанығына жете алмады.

XS
SM
MD
LG