Ссылки доступа

Өзбекстан тұтынушылары супермаркеттен бас тартып, базарға бара бастаған


"Тұтынушы.өз" мамандары жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 52 пайызы супермаркеттерден тауар алуды доғарып, жергілікті базарларға бара бастағанын айтқан.

Өзбекстанда қосымша құн салығына (ҚҚС) жаңа тәртіп енгізгеннен кейін, дүкендерде азық-түлік босап қалған. Есесіне, тауар құны қымбаттаған.

Сауалнамаға жауап берген 400 адамның 37 пайызы уақытқа байланысты азық-түлікті дүкендерден де, базарлардан да алатынын айтқан. Ал 11 пайызы тек супермаркетке барады екен. Қалған 52 пайызы дүкендерге баруды қойып, жергілікті базардан қажетті заттарын аламыз деген.

Жыл басынан бері Өзбекстанда ҚҚС-қа жаңа тәртіп енді.

"Елде салық жүйесі өзгергеннен кейін, сатып алушылар қиындыққа тап болды. Олар супермаркеттен қажетті тауар таба алмайды. Сондықтан базардан іздейді. Мысалы, осыған дейін дүкенде сүттің 10 түрі болатын. Ал қазір тек 2-3 түрін таба аласыз. Нәтижесінде супермаркеттер босап қалды. Екінші себебі, касса чегі үшін енгізілген салық сатып алушыларды қорқытып жатыр", – дейді "Тұтынушы.өз" маманы.

Өзбекстан үкіметі салықтан түскен ақшаны бюджетті толтыратын негізгі қаражат көзі ретінде қарайды. 2019 жылы ресми болжам бойынша, мемлекеттік бюджетке түсетін ақшаның 35 пайызын қосымша құн салығы құрауы тиіс.

XS
SM
MD
LG