Ссылки доступа

Бішкектегі "Ақ үй" алдына цирк әртістері наразылыққа шықты


Қырғызстанның мемлекеттік цирк әртістері парламент ғимараты алдында наразылық акциясын өткізді.

Цирктің шығармашылық құрамының жетекшісі Данияр Болокбаев журналистерге басшылыққа шығармашылықты жақсы түсінетін адамның келгенін қалайтынын жеткізген. Цирк әртістері басшылыққа өз араларынан әуе гимнасты Аида Акматованың тағайындалуын сұрайды.

Соңғы 45 күннен бері цирк басшылығы орны бос тұр. Билік жаңа басшыны таныстыруға асығар емес дейді цирк қызметкерлері. Егер билік талаптарына құлақ аспаса, онда істейтін 40 әртістің 35-і жұмыстан кету туралы арыз жазуға дайындалып отырғанын айтады.

Мемлекеттік циркте 2004 жылдан 2018 жылдың аяғына дейін жұмыс істеген бұрынғы басшы Құрманғазы Исанаев ұжымның көңілі толмағандықтан кеткен. Директердің міндетін уақытша Дария Кусеинова атқарып отыр.

Қырғызстанның мәденит министрі Азамат Жаманкулов қазір цирк басшылығына төрт адам кандидатурасын ұсынды деп хабарлады.

Қырғыз мемлекеттік циркі 1962 жылы құрылған. Қазір онда 130 адам жұмыс істейді, оның 40-ы - әртіс.

XS
SM
MD
LG