Ссылки доступа

Душанбе-Чанак жолы жабылды


Сурет 20 қаңтар, 2019 жылы түсірілген
Сурет 20 қаңтар, 2019 жылы түсірілген

Душанбе-Чанак жолына қызмет көрсететін IRS компаниясы қардың қалың түсуінен көлік жолы уақытша жабылғанын хабарлады.

Компанияның баспасөз хатшысы Далер Абдулло әлі екі күндей қар қалың жауады дейді. Сондықтан қар көшкіні жүруі мүмкін.

Ол табиғи апат қатеріне байланысты арнайы құтқару тобы құрылғанын хабарлады. Далер Абдуллоның сөзінше, негізгі қауіп Варзоб ауданында байқалады. Қазірдің өзінде қардың қалыңдығы 75 см-ге жеткен.

Душанбе-Чанак тас жолы ақылы. Сол себептен тұрғындар жол тәулігіне 24 сағат ашық болуы тиіс деп есептейді. Бірақ төтенше жағдай кезінде жолды тазалайтын компания азаматтардың қауіпсіздігін жауапкершілігіне алады.

Душанбе-Чанак жолы Соғды облысы мен астананы қосады. Тәжікстанның төтенше жағдай қызметі өткен аптада қардың қалың түсуінен Таулы-Бадахшан автономды облысында үш адам қайтыс болғанын хабарлаған. Соғды облысында екі адам қар көшкіні астында қалып қойған.

XS
SM
MD
LG