Ссылки доступа

Мирзияев 2019 жылы 36 шетелге сапарламақ


Өзбекстан президенті Шавхат Мирзияев биыл 36 шет мемлекетке іссапармен барады. Осылай деп халықаралық пресс-клуб жетекшісі Шерзодхон Кудратхужаев мәлімдеді.

20 қаңтарда Өзбекстан басшысы биылдыққа екінші сапары –Германияға аттанды. Берлинде ол ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, канцлер Ангела Меркельмен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблмен кездеседі деп жоспарланған.

2019 жылғы шетел сапарын Шавхат Мирзияев Үндістаннан бастады. Онда 17-18 қаңтарда «Серпінді Гуджарат – 2019» деп аталатын IX халықаралық инвестициялық саммитіне қатысты.

Берлиннен сапарынан кейін өзбек президенті Бельгия, Швейцария, Канада, Жапония, Болгария және Беларуське барады.

XS
SM
MD
LG