Ссылки доступа

Ферғанада қыш өндіретін 200 цех газ тапшылығынан тоқтап тұр


Ферғана облысындағы 225 қыш шеберханасының оны ғана жұмыс істеп тұр. Қолөнершілер газ тапшылығы мен оның бағасының қымбаттығынан цехтарды жабуға мәжбүр болған.

Аймақтағы қыш және фарфор бұйымдарымен әлемге танымал Ришт ауданында 225 қыш шеберханасы жұмыс істеген. Олардың әрқайсысында құмыра күйдіруге арналған екі пештен бар. Цехтарда онға жуық адам жұмыс істейтін. Қазір ауданда бар болғаны онға жуық шеберхана ашық. Бұл мәліметті "Хунарманд" қауымдастығы берді.

Ришт блогері Дима Каюм Facebook'тегі парақшасында қолөнершілердің қиыншылығы туралы видеопост жариялады. Онда блогер газ тапшылығын ерекше атап көрсеткен.

Блогердің айтуынша, бірнеше жылдан бері қыз мезгілінде шеберханалар газдан ажыратылады. Соның салдарынан ​200-ден астам кәсіпкер, 5000-нан астам адам жұмыссыз қалады.

Ришт ауданы әкімдігінің өкілі Баходир Камбаровтың айтуынша, ауданда жақында ғана газ беріле бастады, бірақ ол өндіріске емес, тұрғындарға арналған.

XS
SM
MD
LG