Ссылки доступа

Тәжікстанда жазадан қашқан майорды күдіктіні азаптағы үшін соттап жатыр


Худжанд гарнизонының әскери соты милиция майоры Шухрат Шамсиддинов ісін қарай бастады. Оған елде тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясының бұрынғы мүшесі Комил Ходжаназаровты азаптаған деген айып тағылған.

Ходжаназаров Соғды облысындағы ішкі істер департаментінде кезекті тергеуге бір күн қалғанда асылып өлді. Ол бұл іске барардан бұрын видеожолдау жазған.

Соғды облыстық ішкі істер департаментінің екі тергеушісі мен Тәжікстан ҰҚМК Ашт ауданы бөлімінің қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылы жазда департамент тергеушісі Латифджон Юлдошев 13 жылға сотталды, ал комитет қызметкері Мұхаммад Наимов 12 жылға бас бостандығынан айрылды. Худжанд гарнизонының әскери соты 19 маусымда оларды күдіктіні азаптаған, заңсыз қамауда ұстаған, жалған мәлімет беруге мәжбүрлеген деп таныды.

Қылмыстық істегі үшінші айыпталушы - Соғды облысы ішкі істер департаментінің қызметкрі майор Шухрат Шамсиддинов өткен жылдың аяғында қырғыздың Баткен облысында ұсталып, Тәжікстанға экстрадицияланған. Милиция майорына 2017 жылы жазда іздеу жарияланған еді. Қылмыстық іс қозғалғанын естіген ол елден қашып кеткен.

Сот жабық өтіп жатыр, өйткені азаптауға қатысты істің "құпия" белгісі бар. Бұл туралы 21 қаңтарда әскери сот судьясы Бахтиёр Бободжонзода хабарлады. Сол себепті ол іс туралы мәлімет бермеді.

31 жастағы Комил Ходжаназаров 2017 жылы жазда ТИӨП мүшесі болған 15 адаммен бірге ұсталды. Кейін оны босатқан, бірақ ол тергеу күні қарсаңында асылып өлді. Видеожолдауында ол милиция қызметкерлері азаптағаны туралы айтқан.

Видео тарап кеткен соң, билік марқұмның денесін эксгумациялап, қайта сараптама жүргізді. Марқұмның денесінде азаптау іздері қалғаны анықталды. Соғды облысы әскери прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG