Ссылки доступа

Ауғанстандағы әскери базаға шабуылдан 126 адам қаза тапты


Пострадавший объект

Ауғанстандағы әскери жаттығу кешеніне "Талибан" қозғалысының содырлары жасаған шабуылдан кем дегенде 126 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің қорғаныс министрлігіндегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.

Ресми ақпаратта кем дегенде 12 адам қаза болғаны айтылған.

"Талибан" қозғалысы шабуылдан 190 ауған жауынгері қаза тапты деген мәлімет таратты. Жүзден астам адамның опат болғаны туралы ақпаратты агенттіке жергілікті билік өкілі айтқан, дегенмен үкімет өкілі бұған қатысты жауап беруден бас тартты. Жергілікті шенеуніктерге шабуыл туралы медиамен сөйлесуге тыйым салынған деп хабарлады агенттік.

Шабуыл дүйсенбі күні Вардак провинциясының әкімшілік орталығы - ​Майданшахр қаласында жасалды. Әскери базадағы автокөлікті жанкешті жарған, одан соң "Талибан" қозғалысының үш мүшесі кешен қызметкерлерін атқылаған. Дәл осы күні қозғалыс мүшелері Катарда АҚШ-тың ауған келісімі ресми арнайы өкілі Залмай Халилзадамен кездесті деп жазды агенттік.

"Талибан" радикалды қозғалысы Ауғанстанда 1996-2001 жылдары билік құрды. Оны халықаралық коалиция әскері биліктен тайдырды. Дегенмен қозғалысты түпкілікті жеңе алмады. Соңғы жылдары Ауғанстандағы жағдай шиеле түсті: республикада үнемі теракт болып тұрады, радикалды топтар шабуылы жиіледі.

BBC зерттеуі бойынша, “Талибан” Ауғанстанның 70% аумағында әрекет етіп отыр. Қозғалыс мүшелері АҚШ пен НАТО күштері елден шыға салысымен, Кабулдағы билікті қайтарып алатынына сенімді. Сол себепті бейбіт келіссөздерге Ауғанстанның заңды билігі мен АҚШ қозғалыс өкілдерін тартып отыр.

Өткен жылы қараша айында Мәскеудегі келіссөздерде талибан делегациясының басшысы Мохаммад Аббас Станакзай бейбіт келіссөздерді АҚШ-пен ғана жүргізетінін мәлімдеген. Қозғалыс халықаралық күштерді Ауғанстаннан шығарылуын талап етіп отыр және қазіргі үкіметті заңды деп есептемейді.

XS
SM
MD
LG