Ссылки доступа

Иракта сотталған тәжік әйелдері балаларын отанына жіберуге қарсы


Ирак сотындағы тәжік әйелдер
Ирак сотындағы тәжік әйелдер

Иракта сотталған тәжік әйелдерінің жартысы кішкентай балаларын отанына жіберуге келіспей жатыр.

Сауд Арабиядағы Тәжікстан елшілігінің мәліметінше, Иракта отанына жіберу үшін тіркелген 95 бала бар. Бірақ ирак түрмесіндегі олардың аналары сол елдің заңына сәйкес, балаларын Тәжікстанға жіберуге рұқсатын беру керек.

Келіспеген әйелдердің ішінде Хатлоннан шыққан 38 жастағы Зебунисо бар. Оның айтуынша, ата-анасы баяғыда о дүниелік болған. Ал жалғыз бауыры оның екі баласын асыраудан бас тартып отыр екен.

Зебунисо 2015 жылы күйеуімен Иракқа кетіп, "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылған. Бір жылдан кейін күйеуі қайтыс болған, ал 2017 жылы Мосулды азат ету кезінде Зебунисо тұтқынға түскен. Ол өмір бойы түрме жазасына кесілген. Бірақ балаларын Тәжікстанға жіберуге рұқсатын бермей отыр.

Зебунисоның бауыры бүгінде Ресейде жұмыс істейді. Оның әйелі Сарвиноз Гуломова әпкесі Иракқа кеткен кезде, інісінің қатты қапа болғанын айтады. Бірақ оның айтуынша, билік тарапынан Зебунисоның балаларын асырап алу жөнінде ұсыныс түспеген.

Тәжікстанның Кувейттегі және Ирактағы елшісі Зубайдулло Зубайдзода сотталған 43 әйелдің 15-і балаларынан айырылысуға келісім бермеген. ​«Олардың көбі туыстары өздерінен бас тартқанын, сол себептен балалары Тәжікстанда ешкімге керек болмайтынын айтады. Біз оларға балаларының күтімде болатынын айтып кепілдік бердік. Бірақ соған қарамастан, олар бас тартып отыр», - дейді елші.

Дипломат бүгінде олардың туыстарымен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтады. «Бұл президенттің тапсырмасы, балалар ата-анасының істері үшін жауапты емес. Егер туыстары қабылдамаса, мемлекеттің қарауында болады», - деді дипломат.

Иракта сотталған тәжік әйелдерінің тізімі нақты емес. Тізім саны көп болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG