Азаматтық авиация агенттігінің директоры Курманбек Акышев үкіметтің бастамасына қатысты пікір білдіріп, әзірге ұшақтың құны мен маркасының анықталмағанын айтады. «Ұшақ сатып алу жөнінде ұсыныс білдірдік. Шешімді үкімет қабылдайды. Олар екі ай сұрап отыр. Осы аралықта бір шешімге келеді», - дейді Акышев.
Бүгінде «Эйр Қырғызстан» компаниясының 49 пайыз акция пакеті сатылымға қойылған. Мемлекеттік мүлікті басқару қоры әуекомпанияның жағдайы ауыр, тығырықтан шығар бір ғана жол, инвестиция тарту деп мәлімдеген.