Ссылки доступа

Ташкент АҚШ-та өзбек мақтасына бойкот жариялаған компаниялармен келіссөз жүргізеді


Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 4-6 ақпанда үкімет делегациясы АҚШ-та жыл сайынғы Cotton Campaign халықаралық коалициясының жиналысына қатысады.

Cotton Campaign ("Мақта науқаны") 2010 жылы бала еңбегін пайдаланғаны үшін өзбек мақтасына бойкот жариялауға шақырған. Оған әлемнің жүзден астам киім бренді қосылды.

АҚШ-қа сапар барысында өзбек шенеуніктері Nike, Zara, GAP, Levi's, H&M, UNIQLO секілді шетелдік брендтер өкілдерімен кездесіп, бойкоттан бас тартуға үгіттейді.

Еске салайық, 2018 жылы маусымда АҚШ еңбек министрлігі өзбек мақтасын бала еңбегімен өндірілетін тауар тізімінен алып тастады.

Дегенмен Cotton Campaign мұндай шешімге қарсы шыққан. Коалиция Өзбекстанда бала еңбегі әлі де пайдаланылатынын наразылық хатында жазған.

Өзбекстанның Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша, өзбек делегациясы Ақ үй өкілдерімен де келіссөздер жүргізеді.

XS
SM
MD
LG