Ссылки доступа

Түркіменстанның бірқатар облысында қалың қардан жолдар жабылды


Туркменистан (архивное фото)
Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстанның Дашоғыз және Балқан уәлаяттарында бұрқасыннан жолдар жабылып, электр желілері бүлінген.

Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан Болдумсаз, Гёроглы, С.Ниязов және Кёнеургенч этраптарындағы көптеген ауылдар электр қуатынсыз қалды.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, аймақта бірнеше күннен бері ауа температурасы нөлден төмендеген. Тұрғын үйлерді жылыту қиынға соғып жатыр.

"Көп жылдан бері ауылдарға табиғи газ берілмейді. Халық жарықсыз қалды. Адамдар тоңып жатыр", - деді тілші.

Оның хабарлауынша, кейбір шаруашылықтарда бұрқасыннан мал қырылған. Уәлаят биліктері жолдарды қардан тазалауға асығар емес.

XS
SM
MD
LG