Ссылки доступа

Абақтыда өзіне қол жұмсауға талпынған тәжік әйелін қолхатпен босатқан


Истад Курбонова

Айни ауданының 70 жастағы тұрғыны Истад Курбонованы абақтыда өзін өртеуг талпынған соң, қолхатпен босатты. Зейнеткер жер учаскесін заңсыз басып алды деген айыппен қамауға алынған.

Соғды облыстық прокуратурасының мәлімдеуінше, айыпталушы емделуі керек, сол себепті қолхатпен босатылды. Бірақ Курбонованың туыстары тергеушілерге қарсы қылмыстық іс қозғалуын талап еткен.

"Біз істің заң аясында қаралуын талап етеміз. Біз жергілікті тергеушілерге сенбейміз", - деді күдіктінің күйеуі Баходур Бобоев.

Оның айтуынша, әйелі жергілікті прокуратура қызметкерлерінің әділетсіз әрекеттеріне төзе алмай, өзін өртеуге талпынған.

Еске салайық, Истад Курбонова аудандық ауруханаға түскен. Оның адвокаты әйел өзін өртеуге талпынғанын растады.

​70 жастағы Истад Курбонова қаңтар айының басында жерді заңсыз басып алды деген айыппен ұсталған. Оның жақындары Курбонова қойма мен баня тұрғызған жерді ол совет заманында алған.

XS
SM
MD
LG