Ссылки доступа

Азия: үкім күшінде, пенальти "ұшып кетті" (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Азия: үкім күшінде, пенальти ұшып кетті. БҰҰ шешіміне қарамастан, Жоғарғы сот Владислав Челахқа шығарылған үкімді өзгертпеді. Бішкекте цирк әртістері митингке шықты. Қырғызстанның футболдан құрама командасы БАӘ-мен жарыста пенальти дауына бола, ұтылып қалды. (видео Настоящее время)​

- Жоғарғы сот Челахты түрмеде қалдырды. Жоғарғы сот Владислав Челахқа шығарылған үкімді өзгертпеді. Челах жеті жыл бұрын 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деген айыппен өмір бақиға түрмеге қамалған. (видео)

- Қорықшыға шабуылдағандар "17 киікті атқан". Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты денсаулық министрлігі мәлімдеме жасады. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі қорықшыларға шабуылдаған браконьерлердің қанша киік атқанын айтты. (видео)

- Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады. Украинаның оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады. (видео)

- Курил аралдары және аяқталмаған соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, төрт аралдың мәселесі әлі күнге дейін бейбітшілік бітімін жасаспаған Ресей мен Жапония арасындағы жер дауына айналған. (фотокөрме)

- «Миллиондар қайда?». Көп балалы аналар министрден сұрайды. Көп балалы аналар Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлімдемесіне наразы болды. (видео Қазақстан)​

- Жамила Стехликова: «Қазақ халқы демократияға дайын». Чехияның адам құқықтары және аз ұлттар жөніндегі экс-министрі, қазір оппозициялық Либералды-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жамила Стехликова Азаттыққа сұхбат берді. (видео Қазақстан)

- Қырым жағалауында екі танкер өртенді. Ресей билігі Керчь бұғазында екі кемеде шыққан өрт салдарынан кемінде 14 адам ажал құшқаны туралы хабарлады. (видео)

- Путинді "сүю" және Грекиядағы мұғалімдер наразылығы. (фотокөрме)

- Қорықшы өліміне күдіктінің әкесі халықтан кешірім сұрады. "Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді" деген үш күдікті ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Ал қаза болған қорықшының жерлестері іс бойынша куәгерлердің аты-жөндерін жариялауды талап етті. (Директ видеосы)

- Тіркелмеген таксистің көлігі кәмпескеленеді. Алматыда әкімдік өкілдері көше бойында тұратын таксистерді тексере бастады. Әкімдіктің пайымдауынша, қала шетіндегі ауылдарға жолаушы таситын таксистер салық төлеуі міндетті. Ал тіркелмеген таксистердің "салық төлеуге жағдайлары жоқ". (Директ видеосы)

- "Елдегі жағдайды білмейтін министрге" жұрт наразы. Желіде министр Мәдина Әбілқасымованың көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы туралы сөздерін талқылады. (Директ видеосы)

- Екі немесе төрт? Путин Жапонияға Курилдегі қанша аралды береді? (видео Настоящее время)​

- Мирзияев "Озодликқа" алғыс айтып, журналистерін Өзбекстанға шақырды.(видео Өзбекстан)

- Постсоветтік елдердің басшылары он жыл бұрын немен шұғылданды?(фотокөрме)

- Белградтағы наразылық шеруі. Белградта 19 қаңтарда билікке наразы мыңдаған адам шеруге шықты. Өткен жылы 23 қарашада Сербияда оппозиция лидері Борко Стефановичке шабуыл жасалғаннан кейін ел астанасында әр сенбіде қарсылық акциялары өтеді. (видео)

- Оштағы футбол академиясы. (фотокөрме)

- Азия: Азиядағы қай елде адам құқықтары жиі бұзылады? Human Rights Watch ұйымы әлемдегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде жылдағы баяндамасын жариялады. Қырғызстанда Салық қызметі ең жемқор мекеме деп танылды. (видео Настоящее время)

- Мәскеудегі еңбек мигранттары полиция ұстап, соққыға жыққанын мәлімдеді.(видео Настоящее время)​

- Алматыда апатқа ұшыраған тікұшақ VIP-жолаушыларды тасумен шұғылданған. (видео Директ)

- Су қымбаттады, бірақ тұрғындар сусыз отыр. Тәжікстандағы бірқатар көп қабатты үйлерде су жоқ. (видео Тәжікстан)

- "Лас, суық". Петропавл тұрғындары автобустардың жағдайына наразы..(видео Қазақстан)

- Үсіген мектеп. «Егер балалар ауырса, кім жауап береді?». Астана маңындағы Жібек Жолы ауылындағы жалғыз қазақ мектебінде жылу жоқ. Мыңға жуық оқушы сабақта сырт киімдерімен отыруға мәжбүр. (видео)​

- 2018 жылы бұрынғы СССР елдерінде адам құқықтары қалай бұзылды, Human Rights Watch шолуы. (видео Директ)

- Бішкекте Қытайға қарсы митингке қатысушылардың көздегені не? (видео Настоящее время)​

- Трамп және оның соғысы. АҚШ президенті жанжал аймақтарынан америкалық жауынгерлерді шығаруды көздеді. (видео Директ)

- Тиынға жұмыс істейді. Қазақстандағы ең төменгі жалақы. (Инфографика)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

XS
SM
MD
LG