Ссылки доступа

Өзбекстанда фермерлердің жерлерін жаппай тартып алып жатыр


Өзбекстанда фермерлер үкіметтің жер учаскелерін оңтайландыру бастамасын әкімдер "басып алу" ретінде қабылдап, жерлерін тартып алып жатқанын айтады.

Ферғана, Хорезм және Ташкент облысының фермерлері жергілікті билік егін егетін жерімізді "мемлекет мұқтаждығына" деп, тартып алып жатыр дейді. Сосын ең құнарлы деген жер учаскелерін өздерінің жақындарына қайта таратып жатыр деп шағымданады.

Мәселен Ферғана облысы, Язъяван ауданының диқаны үкімет жарлығынан кейін, 124 фермердің жері тартып алынып, жұмыссыз қалғанын айтады.

«Аудан басшысы ойына келгенін істеп жатыр. Барлық фермерлерден арыз жинап алды. Мен әкімшілікке барғанда, 124 фермердің жұмыссыз қалғанын білдім. Олар үнемі жоспарды дер кезінде орындап жүрген», - дейді фермер.

Хорезм облысы, Шават ауданының "Асрор Нафосат" шаруашылығының басшысы Нуриддин Абдуллаев үкіметтің оңтайландыру туралы қаулысы шықпай тұрып, аудан әкімі 350 фермерден алдын ала арыз жаздыртып алды дейді. Ол да жергілікті биліктің өз мүдделері үшін жұмыс істеп жатқанын айтады.

9 қаңтарда Өзбекстан министрлер кабинетінің «Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін, жер учаскелерін оңтайландыру туралы» қаулысы қабылданған. Құжатқа сәйкес, әр ауданда мақта және астық егетін жер кемінде 100 гектар, көкөніс үшін - 20 гектар және бағбаншылық пен жүзім өсіру үшін 10 гектар жер бөлінуі тиіс.

XS
SM
MD
LG