Ссылки доступа

Алишер Усманов Ташкент ислам орталығына 8 млн доллардың сирек кездесетін кітаптарын сыйға тартты


Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы директоры Шоазим Миноваров олигарх Алишер Усманов құны 8 млн доллар болатын 4923 түрлі сирек кездесетін кітап коллекциясын сыйға тартты деді.

Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі Миноваровтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, «латын, француз және неміс тілдеріндегі кітаптар XIII ғасырда Еуропада ориентализм мен ислам әлемінің ықпалы кезінде жарық көрген. Оның ішінде Авиценнаның (Ибн Сина) латын тілінде жарияланған «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» деп аталатын еңбектері бар.

Наманған қаласында туып-өскен миллиардер Алишер Усманов былтыр, жылдың аяғында Forbes журналына берген сұқбатында «Арсенал» футбол клубын сатқаннан түскен қаржының жартысын - 100 млн долларды Ташкенттегі Ислам өркениет орталығына аударғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG