Ссылки доступа

Қара теңізде өртенген танкерлер АҚШ санкциясы тізімінде болған


21 қаңтарда Керчь бұғазы маңында жанармайдың қотарылуынан өртенген Танзания туы ілінген "Канди" және "Маэстро" танкерлері Ресейге кіре алмаған. Себебі олар АҚШ санкциясы тізімінде болған деп хабарлайды Reuters.

Танкерлер Сирияға жанармай тасымалдағаны үшін санкцияға ілінген. АҚШ қаржы министрлігі олардың кез-келген заңсыз әрекеттері көп мөлшердегі айыппұлмен аяқталады деп ескерткен.

Reuters ақпаратына қарағанда, "Мактрен-Нафт" газ терминалының иесі "Маэстро" танкеріне Краснодар аймағындағы Темрюк портына жақындауға тыйым салған. Financial Times газеті Clipper Data мониторинг агенттігіне сілтеме жасап, "Канди" танкері Темрюк портынан 30 мың баррель сұйылтылған газ құйып, құжат бойынша, Ливанға бара жатқан. "Кандидің" бұрынғы атауы - "Венис". Дәл осы атаумен АҚШ санкциясы тізіміне енген.

Теңіз аялдамасынан 15 миля қашықтықта танкерлер кемеден кемеге сұйықтықты тікелей қотармақ болған. Осы операцияны орындау өртке себеп болған.

Соңғы мәлімет бойынша, 14 теңізші құтқарылған, оны өлді деп есептеліп, қалғаны ұшты-күйлі жоғалып кетті деп жарияланды. Екі кемеде жалпы 32 адам болған. Олар - Түркия және Үндістан азаматтары. Ресейдің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.


XS
SM
MD
LG