Ссылки доступа

Америкалық барлау АҚШ-қа төніп тұрған қауіпті ескертті


Ұлттық барлау директоры Дэн Коатс жаңа стратегияны таныстырды
Ұлттық барлау директоры Дэн Коатс жаңа стратегияны таныстырды

Жақын жылдары Ресей мен Қытай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін енгізілген халықаралық тәртіптің әлсіреуінен Құрама Штаттарға қарсы шығуы мүмкін.

Сейсенбі күні Вашингтонда жарияланған осындай мазмұндағы тезис АҚШ барлау қызметінің стратегиясында бар.

Халықаралық институттардың рөлі бәсеңдеген ғаламдық тенденция кезінде демократиялық құндылықтарға қарсы келуі мүмкін дейді батыстық сарапшылар. "Ресей Құрама Штаттардың мүддесі мен мақсаттарына қайшы келіп, әлемнің әртүрлі аймақтарына өзінің ықпалын жүргізуге тырсады. Бейжіңмен ортақ мүдде үшін жұмыс істеуге мүмкіндіктер бола тұра, Қытайдағы әскери модернизация мен Тынық мұхит аумағына экономикалық және аумақтық ықпалын кеңейту әрекеті де алаңдауға негіз болады”, - делінген барлау стратегиясында.

Бұл құжат әр төрт жыл сайын жаңарып отырады. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған терактіден кейін, Құрама Штаттар үшін басты қауіп - халықаралық терроризм болып келген. Енді басты бағыт - геополитикалық тұрақсыздық болып тұр.

Құжатта сонымен бірге қарсыластарының қолында пайда болған жаңа технологиялық қаруларға қарсы жауап іздеу маңыздылығы да айтылған. Мәселен, ғарыш қаруы, кибер технологиялар демократиялық институттарды жойып, әскери үстемдікке қол жетізуге тырысуы мүмкіндігі де айтылған.

XS
SM
MD
LG