Ссылки доступа

Тәжікстанда президент сайлауына түскісі келетін "үміткер" сынға ұшырады


Кувватали Муродов
Кувватали Муродов

Тәжікстан халықтық майданы қозғалысының бұрынғы мүшесі Кувватали Муродов 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Бірақ оның бұл мәлімдемесі қатаң сынға қалды.

Атап айтқанда, Тәжікстанның президент жанындағы Стратегиялық зерттеу орталығы Муродовтың мәлімдемесіне қатысты үш бірдей мақала жариялап, оған медициналық тексеруден өтуге кеңес берген.

Кувватали Муродов өткен аптада 2020 жылы өтетін президент сайлауында лайықты үміткер болып, жеткілікті дауыс жинай алмаса да, демократиялық құндылықтар үшін, президент сайлауына түсуге құқығы бар екенін айтқан. Ол осылайша саясаткерлердің үрейін жеңіп, теңдік сақтағысы келетінін мәлімдеді. Ол сонымен бірге үміткер болу үшін халықтың қолын жинау межесін азайтуды ұсынды.

Қазір президент сайлауына түсу үшін дауыс берушілердің кемінде бес пайыз қолдауына ие болу керек. Бұл кемінде дауыс берушілердің 210 мың қолы.

​Стратегиялық зерттеу орталығының директор орынбасары Сайфулло Сафаров Кувватали Муродовқа қарсы шыққан мақала авторлары Душанбенің қарапайым тұрғындары екенін, мекемеге алып келген соң, жариялағанын айтады.

Сафаров мақала авторларымен келісетінін, қазіргі президент Эмомали Рахмонға ешкім бәсекелес бола алмайды дейді. Соған қарамастан Муродовтың сайлауға түсуіне қарсы еместігін жеткізген.

2020 жылы тәжік президенті Эмомали Рахмонның жеті жылдық екінші мерзімі аяқталады. Бірақ Ұлт лидері туралы қабылданған заңға сәйкес, ол сайлауға шексіз түсе береді.

XS
SM
MD
LG