Ссылки доступа

Түркіменстаннан шетелге кітап жөнелту тәртібі күшейді


Түркіменстанда шетелге кітап жөнелту үшін азаматтар Мемлекеттік кітапханадан арнайы анықтама алуы керек. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

Осыған дейін түркіменстандықтар үш-төрт кітапты шетелге ешбір құжатсыз жіберіп келген.

Жаңа талап 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік кітапхана шетелге жіберетін кітап үшін "Түркіменстанның ұлттық құнды жәдігері емес" деген анықтама жазып беруі тиіс.

Бұл тексеру үш күнге созылады.

Түркіменстанның тарихына және әдебиетіне қатысы жоқ, 40-50 жыл бұрын басылып шыққан кітаптарды да сараптамаға жіберуіп, мәлімет алуы керек.

Пошта бөлімшелері кітаптарды шетелге жөнелтуге байланысты жаңа тәртіп жөнінде пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG