Ссылки доступа

Тәжікстан білім министрінің ұлы плагиатқа қатысты сыннан соң жаңа диссертация жазды


Шохин Саидзода

Тәжікстанның білім және ғылым министрінің ұлы жаңа диссертациясын қорғауға дайындалып жатыр. Өткен жылы ресейлік "Диссернет" қауымдастығы Шохин Саидзоданы ғылыми жұмыстарды көшіріп басты деп айыптап, ол ғылыми атағынан айрылған еді.

Шохин Саидзода (білім министрі Нұриддин Саидтың ұлы) биыл сәуір айында жаңа кандидаттық диссертациясын Жоғарғы аттестациялық комиссияда қорғайды. Жаңа диссертация тақырыбы – "Тәжікстанда контрабанда үшін қылмыстық жауапкершіліктің күшеюі".

Саидзода 23 қаңтарда диссертацияны қайтадан қорғайтынын растады, бірақ одан басқа пікір білдіруден бас тартты.

Оның жаңа диссертация бастауына өткен жылы "Диссернет" қауымдастығы министрдің ұлын плагиат жасады деп айыптауы түрткі болды. Ол алғашқы кандидаттың диссертациясын 2011 жылы желтоқсанда қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атанған. Плагиатқа қатысты сыннан соң, оның ғылыми атағын алып қойды.

Еске салайық, Ресейдің "Диссернет" қауымдастығы тәжік вице-премьері Давлатали Саидты, президент көмекшісі Асадулло Рахмоновты және басқа да топ-менеджерлерді ғылыми жұмыс ұрлады деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG