Ссылки доступа

Тәжікстанда партияның аудандық кеңсесінің құрылысы үшін ұстаздардың жалақысы қысқарған


Тәжікстандағы Хатлон облысы Шахритус ауданындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, атап айтқанда дәрігерлер мен ұстаздардың бір күндік жалақысы билік басындағы Тәжікстан халықтық демократиялық партиясының аудандың кеңсесінің құрылысына аударылған.

Жергілікті билік мекеме қызметкерлері айлықтарын өз еркімен аударды дегенді айтса, дәрігерлер мен мұғалімдер жалақы қысқарғанын ескертпегенін алға тартты.

"Біздің келісім сұраған адам болмады. Желтоқсан айында да толық айлық алмадық", - деп шағымданды мұғалімдердің бірі. Оның айтуынша, өткен жылы ұстаздардың айлығынан екі мәрте Душанбедегі "Халықтар достығы" саябағын жөндеуге ақша ұсталған.

Құқықтанушы Ойнихол Бобоназарованың айтуынша, Тәжікстанда саяси партияның жұмыстарына мәжбүрлі түрде ақша жинауға заңмен тыйым салынған. Ғимарат құрылысы партия мүшелері мен демеушілердің қаражатына салынуы тиіс.

Партия өкілдері екі қабатты ғимараттың іргетасы қаланғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG