Ссылки доступа

Текебаевты қоныс колониясына 2020 жылы ауыстырады


"Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев қоныс колониясына 2020 жылы ақпанда ауыстырылады. Бұл туралы Мемлекеттік жаза атқару қызметінің төрағасы Таалайбек Жапаров мәлімдеді.

"Бізде сотталғандардың жаза мерзімін есептейтін арнайы бөлім бар. Олар сағатына дейін есептейді. Қоныс колониясына ауыстыруды сұрағандар арасында Текебаев та бар", - деді Жапаров.

Өткен жылы 22 желтоқсанда саясаткер екі айдан соң қоныс колониясына ауысатынын мәлімдеген. Биыл 9 қаңтарда Текебаевты ауруханадан колонияға қайтарды.

"Ата Мекен" партиясының жетекшісіне аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып, ол сегіз жылға сотталды.

Президент жанындағы рақымшылық жасау жөніндегі комиссиясы осы айда Роза Отунбаеваның саясаткерге рақымшылық басау туралы өтінішін қараудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG