Ссылки доступа

Неміс басылымдары Өзбекстан туралы сыни мақалалар жариялады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Германияға сапары қарсаңында Ташкент "елді мақтау" үшін неміс пиар-агенттігімен келісімге отырған.

Берлиндегі GPRC German PR and Consulting Group GmbH агенттігі неміс журналистерін Өзбекстанға жіберген. Жалданған тілшілер өзбек шенеуніктерімен кездескен.

Өзбекстан президентінің сапары кезінде бұл журналистердің жұмыстары неміс баспасөзінде жарияланды. Онда мақтаудан көрі, сыни сараптама көп дейді неміс аналитигі Эккехард Маас.

GPRC German PR and Consulting Group агенттігінің жетекшісі Константин Пановконың айтуынша, Өзбекстанды мақтау - мақсат емес, оны Германияға қандай ел екенін таныстыру маңызды болған.

34 жастағы журналист Феликс Лиллдің Өзбекстан туралы мақаласы "Ақ алтын құлдары" деп аталады. Мақала немістің беделді Frankfurter Rundschau газетінде жарияланды.

Неміс аналитигі Экхард Маастың айтуынша, "неміс менталитеті мадақтау мақалаларын қабылдай алмайды, ол кері эффект беруі мүмкін".

XS
SM
MD
LG