Ссылки доступа

Өзбекстан мен Тәжікстан шекараларын демаркациялауды аяқтап жатыр


Өзбекстан мен Тәжікстанның жұмыс тобы 27 қаңтарға дейін мемлекеттік шекараларын демаркациялауды аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде тәжікстандық БАҚ хабарлайды.

Ташкенттің үкімет делегациясы аталған мәселені аяқтау үшін Душанбеге барған.

Былтыр Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараларын толық белгілеген. Тараптар шекара сызығын нақты анықтап, екі мемлекеттің картасына енгізуге келіскен.

2018 жылы наурыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Душанбеге барған сапарында екі ел арасындағы даулы аймақ шешіліп, келіссөздерге қол қойылған.

Тәжік-өзбек шекарасының қашықтығы - 1332 км.

XS
SM
MD
LG