Ссылки доступа

Түркімен студенттеріне демалыс кезінде жеке такси қолдануға тыйым салынған


Ашхабад студенттері (мұрағат)

Түркіменстанның жоғары оқу орындарында (ЖОО) оқитын студенттер қысқы демалыс кезінде тек мемлекеттік жолаушылар транспортын пайдалануы керек. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметіне Түркімен мемлекеттік университеті мен Ауыл шаруалышығы институтының студенттері хабарлады.

25 қаңтарда Түркіменстанның жоғары оқу орындарында емтихан тапсыру аяқталып, 12 күндік қысқы демалыс басталады.

«22 қаңтарда оқу орнының басшылары студенттерге хабарландыру жасап, студенттер ауылдарына қайтар кезде, тек ұшақ, пойыз не мемлекеттік автобустарға ғана отыруға бұйрық берді. Демалыстан қайтар кезде, жол билеттердің көшірмесін деканатқа өткізуді тапсырды. Жеке таксиді пайдалануға тыйым салды», - дейді аты-жөнін айтуды жөн көрмеген Түркімен мемлекеттік университетінің студенті.

ЖОО басшылары студенттердің ата-аналарына жекеменшік көліктердің қауіпті екенін, жүргізушілері баларына әлімжеттік жасауы мүмкіндігін ескерткен.

Әдетте студенттер демалысқа шығар кезде, қоғамдық көліктерге билет тапшы болады. Таныс арқылы алатын болсаң, билет құнының үстіне елу пайыз қосады. Бұған студенттердің көбінің жағдайы келе бермейді.

Студенттердің ата-аналары жол жүруге қатысты балаларына шектеу қойып отырғанына наразы.

XS
SM
MD
LG