Ссылки доступа

Тәжікстанда 120 мыңға тарта оқушы СПИД-ке қан тапсырады


Тәжікстанның орта білім беру мектебінде оқитын 120 мың оқушы СПИД-ке тексеруден өтеді. СПИД-ке қарсы күрес және алдын алу республикалық орталығы тесттің мақсаты – оқушылар арасында ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды анықтап, алдын алу дейді.

Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар саны - 7 мың. Олардың 800-і - балалар.

Мектеп жасындағы екі баланың анасы Жәмила мектеп басшылығынан оқушылардың ВИЧ/СПИД-ке тексеруден өту керектігі жөнінде хат алғанын айтады. Ол үшін ата-ананың рұқсатын алу қажет екен. «Мен мамандармен кеңесіп, келісімімді бердім. Оның үстіне күйеуіме қан алар кезде, жанында болуын сұрадым. Санитарлық талаптар сәйкес келеді ме, қарасын», - дейді Жәмила.

23 қаңтарда Душанбеде алты мектептің оқушыларын тексерді. СПИД-ке қарсы күрес орталығы тексеру жұмыстары 10 ақпанға дейін созылатынын айтады. Акция тегін өтіп жатыр екен. Мамандардың айтуынша, Душанбе, Тұрсынзада және Куляб тұрғындары аталған індетті көп жұқтырған қатерлі аймаққа жатады.

Дәрігерлер тексеру нәтижесінің құпиялығына кепіл береміз деп отыр. «Біздің мамандар тек ВИЧ инфекция анықталған оқушының ата-анасын ғана шақырады» дейді дәрігерлер. ​

XS
SM
MD
LG