Ссылки доступа

АҚШ Венесуэлаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді сұрады


Құрама Штаттар Венесуэладағы дағдарысқа байланысты сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді сұрады.

Соңғы күндері Венесуэлада өтіп жатқан наразылық шарасы кезінде кемінде 16 адам қаза тауып, 300-ден астамы қамауға алынған. Митингке шыққандар Николас Мадуроның отставкасын талап етіп жатыр.

Демонстрациялар Ұлттық ассамблея басшысы Хуан Гуайдо өзін уақытша президент ретінде жариялағаннан кейін басталды. Оның бұл шешімін АҚШ, Канада және Латын Американың бірқатар елдері қолдап отыр.

Ресей болса Венесуэлада өткен соңғы президент сайлауында қайта сайланған Николас Мадуроға қолдау көрсетіп отыр. Бейсенбі күні Николас Мадуроға Ресей лидері Владимир Путин звондаған. Сөйлесу барысында ол халықаралық құқықтарды бұзып, "Венесуэлаға сыртқы күштер араласып отыр" деген. Мадуроның өзі АҚШ-ты айыптайды.

БҰҰ Бас хатшысы саяси дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырған. Ал Еуроодақ мәлімдемесінде Каракас азаматтардың бейбіт жиынына құрметпен қарау керектігін айтқан. Брюссель Венесуэланы демократиялық сайлау өткізуге үндеді.

Николас Мадуро 2013 жылдан бері Венесуэла президенті. Ол бұрынғы лидер Уго Чавестің өлімінен кейін сайлауда жеңіске жеткен. Мадуроны демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын бұзып отыр деп сынайды. Венесуэла қазір ауыр экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. 2018 жылы инфляция деңгейі бір миллион пайыздан асқан. Елде азық-түлік тапшылығы болып, аштық байқалады. Дағдарыстан Венесуэладан үш миллион адам көшіп кеткен.

XS
SM
MD
LG